Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атырау" мен "Ақтөбе" матчы алдындағы жаппай төбелестен соң 28 адам жазаланды

Опубликовано:

Жанкүйерлер арасындағы қақтығыс
Видеодан кадр: instagram.com/sportsru_kz

Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында футбол матчы алдындағы төбелестен кейін 28 адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды облыстық сот ресми сайтында.

28 адам Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша сот алдында жауап берген.

Сот барысында Атыраудағы "Мұнайшы" спорт кешенінде "Атырау" және "Ақтөбе" командалараның арасындағы матч басталмас бұрын жанкүерлердің өзгелерге құрметсіздік танытып, төбелес шығарғаны анықталды.

Салдарынан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығы бұзылған.

Нәтижесінде сот төбелеске қатысқан екі адамның әрбіріне 15 315 теңге көлемінде айыппұл салған. Қалған 26 құқықбұзушыға 10 721 теңге сомасында айыппұл салынды.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 19 маусымда Атырауда матч басталмас бұрын төбелес шығарған жанкүйерлер видеоға түсіп жазған едік. Полицияға 30 адам жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974963-atyrau-men-aqtobe-matcy-aldyndagy-zappai-tobelesten-son-28-adam-zazalandy/

pixel