Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"25 жылын дінге арнады": Ауыр дертке ұшыраған бас имамның қызы халықтан шұғыл көмек сұрады

Опубликовано:

Үшқоңыр мешітінің бас имамы ауыр дертке ұшырады
Арман Оразұлы. Фото: жеке мұрағат

Алматы облысына қарасты Үшқоңыр мешітінің бас имамы Арман Оразұлы ауыр дертке ұшырап, Түркиядағы аурухана төсегіне таңылды. Бұл туралы имамның қызы Зайтуна Бекбосынова хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арман Оразұлына дәрігерлер "өткір миелоидты лейкоз" (ақ қан) диагнозын қойған. Қазіргі таңда дін қызметкері Түркияның Стамбул қаласында ем алуда. Ота құны – 40 миллион теңгені құрап отыр.

"Әкем Арман Оразұлы 1996 жылдан бері дін саласын зерттеп, ислам дініне аянбай қызмет етіп келеді. Бүгінде ол тәрбиелеген шәкірттердің саны жүзден асып кетті. Ол қайырымдылығымен де ерекше көзге түскен. Жетімдер мен жесірлердің басынан сипап, көмекке мұқтаж адамдарды далада қалдырмайтын.

Өкінішке қарай, отбасымызға ауыр сынақ келіп, әкеміз қатерлі дертке ұшырады. Оған жұлын транслпантациясы қажет. Біздің қарапайым отбасымыз үшін ота құны өте ауыр сома. Сондықтан барша қайырымды жаннан көмек сұраймыз", - дейді имамның қызы Зайтуна.

Арман Оразұлына көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi карта нөмірі: 4400 4302 0804 4112

Kaspi Gold тіркелген телефон нөмірі: +7 707 890 3001 Әлібек.Б, (баласы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974973-25-zylyn-dinge-arnady-auyr-dertke-usyragan-bas-imamnyn-qyzy-xalyqtan-sugyl-komek-surady/

pixel