Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

KARUAN ЖШС рейдерлік жолмен алынғаны рас па: Қаржылық мониторинг агенттігі жауап берді

Опубликовано:

Құжат
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржылық мониторинг агенттігі KARUAN ЖШС рейдерлік жолмен алынғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Тиісті ақпаратты агенттік Telegram парақшасында жариялады.

"БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Н.Какеновтен KARUAN ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы шағым түскенін хабарлаймыз",- деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, арызда көрсетілген дәлелдер тексеріледі. Олардың нәтижесіне құқықтық баға беріледі.

Осы орайда Қаржылық мониторинг агенттігі бұл жайтқа қатысты басқа ақпаратты жариялай алмайтынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1974979-karuan-zss-reiderlik-zolmen-alyngany-ras-pa-qarzylyq-monitoring-agenttigi-zauap-berdi/

pixel