Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайғылы жағдай үшін жауаптымын": БҚО әкімі екі қолынан айырылған балаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ғали Есқалиев
Ғали Есқалиев. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы Жаңақазан кентіндегі трансформаторлық қосалқы станцияда тоққа түсіп, екі қолынан айырылған балаға қатысты аймақ басшысы Ғали Есқалиев пікір білдірді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

"Мен әкім ретінде барлық қайғылы жағдай үшін жауаптымын. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Егер әкімдікке қарасты компанияның кінәсі дәлелденсе, онда біз тиісті шара қолданамыз.

Балаға мемлекет тарапынан да, демеушілер тарапынан да барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Мұндай жағдайлар болмауы керек", - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев.

Еске сала кетсек, БҚО-да басқа балалармен бірге көшеде ойнап жүріп, трансформаторлық қосалқы станциядағы тоққа түсіп қалған балақайдың екі қолын кесуге тура келгенін жазған едік.

Қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975024-qaigyly-zagdai-usin-zauaptymyn-bqo-akimi-eki-qolynan-aiyrylgan-balaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel