Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021-2022 жылдар аралығында, Алматы облысы тұрғындарының атына жалпы сомасы 571 млн теңгені құрайтын, бірақ іс жүзінде атқарылмаған қызмет көрсету және тауарларды жөнелту шот-фактураларын жазу мақсатында шағын бизнес субъектілерін (ЖК) тіркеді деп күдіктелуде.

Антикоррупциялық қызмет күдікті кінәсін мойындағандықтан оған қатысты ұстау шарасы қолданылмағанын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство тергеу жалғасып жатқанын, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975033-almaty-oblysynda-policiya-bolimi-bastygynyn-orynbasaryna-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/

pixel