Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Moskva Metropolitan сауда ойын-сауық орталығы қоршауға алынды (фото)

Опубликовано:

Москва
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бүгін, 21 маусымда Алматыдағы Moskva Metropolitan сауда ойын-сауық орталығының қоршауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ақпарат ALMATY KRIS P Telegram каналында жарияланды. Жазбада оқиға орнында полицейлер, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің бар екені айтылған.

NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне жүгініп, сауда ойын-сауық орталығында не болып жатқанын сұрады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 16:09-да полиция департаментіне қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бірінші кезекте орталыққа келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылған.

Полиция департаментінің жедел басқару орталығының мәліметінше, осыдан кейін тексеріс жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шыққан.

Осы орайда Алматы полициясы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштық сақтауға және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975085-almatyda-moskva-metropolitan-sauda-oiyn-sauyq-ortalygy-qorsauga-alyndy-foto/

pixel