Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабырғаға қалап тастаған": Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған мылтық табылды

Опубликовано:

табылған мылтық
Табылған мылтық. Фото: Алматы қаласының полиция департаменті

Алматының полиция қызметкерлері Алматы облысының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған FAIR маркалы шолақ мылтық табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астананың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мылтық қаңтар оқиғасы кезінде қару сататын дүкендердің бірінен ұрланған.

"Мылтық ұсталған азаматтың үйінен табылды. Оны қабырғаға жасырып қойған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 291-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Сонымен қатар құзырлы орган ұсталған азамат ұялы телефон сататын сауда орнын тонады деген күдікке де ілініп отырғанын атап өтті.

Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шарасы қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975091-qabyrgaga-qalap-tastagan-almatyda-qantar-oqigasy-kezinde-urlangan-myltyq-tabyldy/

pixel