Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Текеліде сатушы әйел дүкен тонамақ болған ер адамды еден жуатын құралмен қуып шықты (видео)

Опубликовано:

Текеліде сатушы әйел ұрыны қуып шықты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысына қарасты Текелі қаласында дүкен тонамақ болған ер адамды сатушы әйел еден жуатын құралмен қуып шықты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған жағдай 19 маусымға қараған түні, Текелідегі дүкендердің бірінде тіркелген.

Құзырлы органның мәліметінше, бетін бетпердемен бүркеген ер адам дүкенге басып кіріп, сатушыларды медициналық скальпельмен қорқытып, кассадағы ақшаны алмақшы болған. Тіпті, заттар жиналған витраны теуіп, кассалық аппаратты қиратқан.

Кейін анықталғандай осы сәтте дүкен иесінің екі қызы кассада тұрған, ал 36 жастағы сатушы әйел еден жууға кеткен.

Кенет қатты айғайды естіген әйел көмекке жүгіріп келіп, қолындағы еден жуатын құралмен ер адамды ұра бастаған. Мұндайды күтпеген азамат дереу дүкеннен қашып кеткен.

Бұл көрініс дүкендегі бейнекамераға түсіп қалған. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктіні қолға түсірген.

Дүкенді тонамақ болған 48 жастағы ер адамның еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Жауап алу барысында ол ақшадан тарыққан соң осындай қылмысқа баруға бел буғанын айтқан.

Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975092-tekelide-satusy-aiel-duken-tonamaq-bolgan-er-adamdy-eden-zuatyn-quralmen-quyp-syqty-video/

pixel