Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО кәсіпорындары жұмысшылардың жарақат алу фактілерін жасырғаны анықталды

Опубликовано:

Құрылыс басындағы құрылысшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар жұмысшының жарақат алуының 16 фактісін жасырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңірдегі өндіріс орындарында 87 мыңға жуық адам еңбек етеді. Сондықтан еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау әрқашан басты назарда.

"2019 жылдан бері облыстағы кәсіпорындарда 688 жазатайым оқиға болып, 66 адам көз жұмды. Өндірістік жарақат саны бойынша кен-металлургия саласы дәстүрлі түрде көш басында. Қазіргі уақытта жұмыстағы жарақат алу фактісін жасырып қалу мәселесі өзекті.

Біз осындай 16 фактіні анықтадық. Жауапкершіліктен жалтарған жұмыс берушілермен қатар, оларға жұмысшылардың өздері де айтпай жатады", - делінген ақпаратта.

Өндірістегі жазатайым оқиғаны жасыру – жұмыс берушіні жауапкершіліктен айырады. Осының салдарынан зардап шеккен жұмысшы өтемақыдан қағылып, құқықтық қолдау шараларына ие бола алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975104-sqo-kasiporyndary-zumyssylardyn-zaraqat-alu-faktilerin-zasyrgany-anyqtaldy/

pixel