Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғынына кірпішпен шабуыл жасаған екі адам ұсталды

Опубликовано:

Кірпіш
Видеодан кадр: Polisia.kz

Қызылордада көшеде қала тұрғынына кірпішпен шабуыл жасаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Қала тұрғынын белгісіз екі азамат кірпішпен ұрып-соғып жатқаны Қызылорда қалалық ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түскен.

"Қала аумағындағы қылмыс орнына патрульдік полиция аттанды. Жедел-тергеу тобы онда 43 және 37 жастағы масаң күйдегі азаматтарды ұстады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабын 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975106-qyzylorda-turgynyna-kirpispen-sabuyl-zasagan-eki-adam-ustaldy/

pixel