Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 83 жастағы әжейді тонап кетті (видео)

Опубликовано:

Әжей
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының Әуезов ауданында 83 жастағы зейнеткерді тонап кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты бөлім бастығы полиция майоры Елнұр Құдіретбаевтың сөзінше, оқиға 10-ықшамаудандағы үйлердің бірінің ауласында болған.

Құқыққорғаушылардың нұсқасына сүйенсек, жәбірленушіге белгісіз ер адам келіп, мойнындағы алтын алқаны жұлып алған. Зейнеткер материалдық шығынды 300 мың теңгеге бағалап отыр. Ол аталған жайт туралы бірден полицияға хабарлаған.

"Біз арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Күдікті анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушінің артынан аңдығаны белгілі болды. Күдікті алқаны Жандосов-Щепкин көшелерінің қиылысында шабуыл жасамай тұрып, бірнеше минут бұрын байқаған. Ол қолайлы сәтті күткен", - деді Құдіретбаев.

Полицияда күдіктінің 1990 жылы туған азамат екенін, осыған дейін ұқсас қылмыстар жасағаны үшін істі болғанын да айтты. Қазір оның басқа да құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975154-almatyda-83-zastagy-azeidi-tonap-ketti-video/

pixel