Атырау облысында шабанды арқанмен байлап өлтірді деген азамат сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда бөтелкелесін арқанмен байлап өлтірген азамат 10 жылға сотталды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жантүршігерлік жайт Атырау облысының Жылыой ауданында болған. 25 қаңтар күні 39 жастағы сотталушы Құлсары қаласының маңында орналасқан шаруа қожалығының шабанымен бірге ішімдік ішкен.

Кейін екеуі өзара сөзге келіспей, шабан бөтелкелесіне үстел үстіндегі пышақты сермей бастаған. Сотталушы бірден өз автокөлігіне қарай жүгіріп, ішінен арқан жібін алып, жәбірленушіні байлап өлтірген.

Іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындылары, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот айыпталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - дейді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

39 жастағы азаматтың кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Ділназ Бірманова, Атырау

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975191-atyrau-oblysynda-sabandy-arqanmen-bailap-oltirdi-degen-azamat-sottaldy/

jitsu gif