Есентай маңында жүрген қой алматылықтарды таңғалдырды (фото)
Опубликовано:

Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының маңында жұрттың көзіне түскен қой алматылықтарды таңғалдырды. Әл-Фараби даңғылындағы автотұрақтағы видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео кеше, 21 маусымда танымал сауда орталығының алдындағы автотұрақта түсірілген. Бейнероликті түсірген автор Әл-Фараби даңғылының бойында қойдың жүргеніне таңғалғанын жасырмады.
Төрт түліктің бірі Алматының орталығына қайдан тап болғаны белгісіз. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, қой Құрбан айтқа арнайы әзірлеп қойған мал болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975204-esentai-manynda-zurgen-qoi-almatylyqtardy-tangaldyrdy-foto/