ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры және тағы бірнеше адам ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҰҚК ресми сайтында Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталғанын хабарлады.

Хабарламада 2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – Шекара қызметінің бұрынғы директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділмановтың ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

Одан бөлек ведомство Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бұрынғы бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

ҰҚК тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975280-uqk-sekara-qyzmetinin-buryngy-bassylary-ustaldy/