Еліміздің бір өңірінде соңғы жылдары отызға жуық ауыл жойылған
Опубликовано:

Қостанай облысында соңғы жылдары отызға жуық елдімекен жойылған. Биыл тағы бірнеше ауылға қауіп төніп тұр. Болашағы бұлыңғыр өлкенің бірі - Жаңа ауыл, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Жаңа ауыл Қарабалық ауданына қарайды. Елдімекенде он шақты ғана үй қалған.
Алтынбек Есполов мұнда екі жыл бұрын көшіп келген. Батыстан астықты өлкеге ат басын тіреген азамат ата кәсіппен айналысып жүр.
"Бүгінге 150 бас қой бар. Келешекте бұйырса 800 басқа дейін жеткіземіз. Ірі қара ұстаудың пайдасы шамалы. Қазір сүттің бағасы 120-130 теңгеден қабылдайды. Ең бірінші мәселе ауылдарда - сол сүттің бағасы. 160-180 тенгеге дейін көтеру керек. Сонда тиімді болады", - деді ауыл тұрғыны Алтынбек Есполов.
Жергілікті тұрғындар батыстан көшіп келгендерге құшағын айқара ашып, қарсы алған.
"Баяғыда дүркіреп тұрған ауыл еді ғой. Сол қимай отырмыз міне. Бәрі де құрып жатыр. Жұмыс болмаған соң ауылдан бәрі кетті. Мектеп жоқ, дүкен жоқ. Әйтеуір нан әкеледі, оған да ризамыз", - деді ауыл тұрғыны Ғалия Апенова.
Автор: З. Санай
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975298-elimizdin-bir-onirinde-songy-zyldary-otyzga-zuyq-auyl-zoiylgan/