Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк көлігінен күнделікті 15 мың теңге": "Алтын орда" базарына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Опубликовано:

Алтын Орда
Фото: sputnik.kz

Алматыдағы "Алтын орда" базарының қызметін бәсекелестік заңнаманы сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тиісті ақпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтында жария болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы департамент мамандары өңірлік прокуратураның қаулысы негізінде биыл наурыз айында "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС қызметіне тексеріс жүргізген.

"Тексеруге қатысу барысында сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігінен 15 000 теңгені, КАМАЗ және MAN автокөліктерінен - 7000-8000 теңгені, Sprinter автокөлігінен - 6000-7000 теңгені, ГАЗель автокөлігінен - 5000 теңгені, жеңіл автокөліктерден - 3500 теңгені құрайтыны анықталды", - делінген хабарламада.

Талдау нәтижесінде "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС 100 пайыз үлесімен монополиялық жағдайға ие екені анықталған. Базар қызметінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері тіркелген.

Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамыр айында "Altyn Orda QazTrade LTD"ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975374-zuk-koliginen-kundelikti-15-myn-tenge-altyn-orda-bazaryna-qatysty-akimsilik-is-qozgaldy/

pixel