БҚО-дағы су қоймасынан тырысқақ бактериясы табылды

Опубликовано:

Зертхана1
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында су қоймаларынан алынған сынамадан тырысқақ тәріздес вибрион табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың хабарлауынша, облыс тұрғындарынан тырысқақ анықталған жоқ.

Ол жыл сайын өткір ішек жұқпалары өршитін кезеңде, мамырдан бастап қазан айына дейін ашық сулардан тырысқақ вибрионына сынама алынатынын атап өтті.

"Тырысқақ вибриондары патогенді және патогенді емес болып бөлінеді, барлығы 150-дей түрі бар. Мамыр айынан бастап алынған 73 сынаманың 14-інен патогенді емес тырысқақ тәріздес Vibrio cholerae non O1 табылды. Қазіргі кезде қауіпті дерттің алдын алу мақсатында күн сайын мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар адамдар өзен-көлде шомылған кезде суды жұтып қоймай, байқау керек. Ауру ластанған судан таралады. Ең бастысы, жеке бас гигиенасын сақтау қажет", - деді Мұстаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975389-bqo-dagy-su-qoimasynan-tyrysaq-bakteriyasy-tabyldy/

jitsu gif