Жезқазған әкімі қызметінен кетті
Опубликовано:

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті. Бұл туралы шаһар әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.
"Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және әріптестері Қайрат Бектайұлына ризашылықтарын білдіріп құрмет көрсетті", - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі болып 2020 жылғы тамызда тағайындалған еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975409-zezqazgan-akimi-qyzmetinen-ketti/