Павлодар тұрғыны ұялы телефонды түрмеге голубцыдың ішіне жасырып өткізбек болған (видео)

Опубликовано:

Фаршталған бұрыш
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда тергеу тобының қызметкерлері түзеу мекемесіне келген сәлем-сауқатты тексеру барысында голубцы тағамының ішінен ұялы телефон тауып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыйым салынған зат Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу") бойынша сотталған ер адамға келген сәлдеменің ішінен табылған.

Мекеме қызметкерлерінің мәліметінше, голубцыдың ішіне жасырылған телефонды сотталуышының досы алып келген.

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 481-бабы ("Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру") бойынша хаттама толтырылған.

Аталған бапта жаза ретінде табылған затты тәркілей отырып, 10 АЕК (30 630 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

"Мекемеге тыйым салынған заттарды әкелмеу жайында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз. Дегенмен келушілер сотталғандарға тыйым салынған заттарды беру үшін неше түрлі айла-тәсіл ойлап тауып жатады. Алайда қырағы қызметкерлер тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермейді. Олар тергеу изоляторларына келіп түсетін барлық сәлемдемені мұқият тексереді", - дейді түзеу мекемесі бастығының орынбасары Берік Рахымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975452-pavlodarda-uyaly-telefondy-golubcydyn-isine-zasyryp-turmege-otkizbek-bolgan-er-adamnyn-qulygy-askerelendi-video/