Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Бауыржан Исаевпен аттас мемқызметші басынан өткен қызықты жайттарды айтты

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Pixabay.com

Түркістан қаласының жанындағы Жаңа Иқан ауылдық округінде Бауыржан Исаев есімді азамат тұрады. Жергілікті әкімдікте қызметін атқаратын ол, белгілі әнші Бауыржан Исаевпен аттас. Әрі тегі де бірдей. Осы орайда мемқызметші басынан өткен қызықты жайттарды бөлісті. Айтуынша, көпшілік оны өнер иесімен жиі шатастырады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бауыржан Ибадуллаұлы бұған дейін Алматыда кәсіппен айналысқан. Сол кездері арнайы қоңырау соғып, "тойымызда ән салып берсеңіз" деп қолқа салатындар кездескенін айтады.

"Бауыржан Исаевтың әндері хит болып жатқан кез еді. Ұялы телефон деген мүлдем жоқ. Баршамыз үй телефонын пайдаландық. Бірде салық басқармасынан үйдегілерге хабарласып, тез келуімді өтініпті. Өзім 10 күн бұрын ғана бүкіл салығымды төлеп қойғандықтан, бір шикілік орын алған шығар деп уайымдадым.

Кәсіпкер болған соң, "дұрыс төлем жасамадым ба?" деген күдік те келді. Бүкіл құжатымды жинап, айтылған кабинетке бардым. Кезек көп екен. Екі сағаттай күтіп ішке кірдім. Содан, шақырту бойынша келіп тұрғанымды айтсам, олар "жақында тойланатын кәсіби мерекеде ән салып берсеңіз" деп ұсыныс айтып тұр.

Сол кезде барып, әнші Бауыржан Исаевпен шатастырғанын түсіндім. Жағдайды айтып, жұмысыма кеттім", - деп сол күнді күле еске алды Бауыржан Исаев.

Тағы бірде үй телефонына хабарласқан іс-шара ұйымдастырушысы Бауыржан Исаевты сұрап, "Тез арада бізге хабарлассын, оны сыйлыққа ұсынып жатыр едік", деген кезде анасы жағдайды түсініп, баласының әншімен аттас екенін айтқан.

Бүгінде Бауыржан Алматыдан ауылына келіп халыққа қызмет етіп жүр. Оның мақсаты - туған жерді түлету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975456-ansi-bauyrzan-isaevpen-attas-memqyzmetsi-basynan-otken-qyzyqty-zaittardy-aitty/

pixel