Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аптап ыстық, қатты жаңбыр": Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбыр
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен бүгін ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, найзағай, бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Одан бөлек күндіз Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық болуы мүмкін.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде де өте қатты ыстық болуы ықтимал.

Сонымен қатар Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай, Алматы облыстарының батысында, Атырау облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау ауданының оңтүстік-батысында, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975472-aptap-ystyq-qatty-zanbyr-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel