Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Студенттерді күштеп әкетпек болған": Таразда әскерилердің әрекеті ата-аналардың ашуын келтірді

Опубликовано:

әскерге шақыру
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Тараз қаласында әскерилердің әрекеті ата-аналардың ашуын келтірді. Олар білім ордасына келіп, студенттерді әскери комиссариатқа күштеп әкетпек болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, әскерилер емтихан болып жатқан жеке медициналық колледждің алдын торуылдаған.

Олар жасы 18-ден асқан студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізгенін жеткізді. Алайда ата-аналар бұған сенбей отыр. Өйткені балаларын өтірік алдап, әскерге күштеп алып кетуі мүмкін, дейді олар.

Әскерилердің жүргенін байқаған  шәкірттердің көбі колледж маңына жоламай, білім ордасының маңында жасырынып жүргені белгілі болды. Телеарна мәліметінше, студенттердің толық қатыспауынан емтихан өтпей қала жаздады.

Ал әскерилер балаларды алып кетуге толық құқығы барын атап өтті. Себебі көктемгі әскерге шақырту науқаны жүріп жатыр.

"Облыс бойынша жоспар бекітілген. Қазір жоспар 93 пайызға ғана орындалды. Бұл 1300 адам деген сөз. Әскер қатарына көктемде шақырылатындарды күзге қалдыруға болмайды. Емтихан тапсыру кезінде студенттерге ешкім кедергі келтірген жоқ. Сынақ тапсырып болғасын білім басқармасы, оқу орны басшылығының келісімімен студенттер бәрібір медициналық тексеруден өтуге келді", - деді Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Хасен Қарабаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975657-tarazda-studentterdi-askeri-komissariatqa-kustep-aketpek-bolgandardyn-areketi-zurttyn-asuyn-tugyzdy/

pixel