Қанат Таймерденовтің Алматы полиция департаменті басшысы қызметінен неге кеткені белгілі болды
Опубликовано:

Бүгін, 25 маусымда Қанат Таймерденовтің Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен кеткені белгілі болған. Бұған қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қанат Таймерденов Ішкі істер министрлігінің Орталық аппаратына лауазымды қызметке ауыстырылып жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.
Ішкі істер министрлігі басқа мәліметтерді жария еткен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Таймерденовтің Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кеткенін жазған едік.
Қанат Таймерденов 1974 жылы 7 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы бойынша заңгер, 2003 жылы ІІМ академиясын бітірген.
Ол органдағы қызметін 1995 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында офицер қызметінен бастады. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012-2017 жылдары Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды.
Қанат Таймерденов Алматы полиция департаменті басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысының полиция департаментін басқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975692-qanat-taimerdenovtin-almaty-policiya-departamenti-bassysy-qyzmetinen-nege-ketkeni-belgili-boldy/