Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Опубликовано:

Сот төрағасы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда қазақстандықтарды миллиардтаған теңгеге алдаған World Business Consulting қаржы пирамидасының басшыларына сот үкімі оқылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берген.

"2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Сонымен қатар пирамидалық схеманың тағы бес ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды.

Осы орайда агенттік азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975817-almatyda-world-business-consulting-qarzy-piramidasyn-uiymdastyrusylar-sottaldy/