Ұлттық статистика бюросы: Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда көбірек ажырасады
Опубликовано:

Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда көбірек ажырасады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы Telegram-дағы ресми каналында.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанда өткен жылы 48 200 ажырасу жағдайы тіркелсе, соның 34 800-ы (72,2 пайыз) қала тұрғындарына тиесілі.
Ажырасудың жоғары деңгейі ел астанасында байқалып отыр. Мұнда 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 жағдайды құрайды, ал ажырасу ең аз тіркелген өңір бұл - Түркістан облысы. Мұндай – 1000 адамға шаққанда 1,20 жағдай.
- Ажырасу көп жағдайда ортақ баласы жоқ ерлі-зайыптылар арасында тіркелген. Олардың үлесі - 60,5 пайыз.
- Ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8 пайыз.
- Кәмелетке толмаған екі және одан көп баласы барлардың арасындағы ажырасу үлесі – 18,7 пайыз.
Ажырасқандардың некеде болған уақыты бойынша үлесі:
- 34,1 пайыз – 10 жылдан астам отасқандар;
- 26,3 пайыз – 5-9 жыл отасқандар;
- 21,4 пайыз – 2-4 жыл отасқандар;
- 7,8 пайыз – 1 жылдан артық отасқандар;
- 5,5 пайыз – 1 жылға дейін отасқандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975886-ulttyq-statistika-byurosy-qala-turgyndary-auyldyqtarga-qaraganda-kobirek-azyrasady/