Түркістан облысында флягаға кіріп, шыға алмай қалған 7 жасар қыз құтқарылды (видео)
Опубликовано:

Түркістан облысында 7 жасар қыз су толтыратын флягаға кіріп, қайта шыға алмай қалған. Баланың ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды өңірлік ТДЖ Instagram-дағы ресми парақшасында.
Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Жетісай ауданы, Атакент ауылындағы үйлердің бірінде болған.
Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз бала су толтыруға арналған алюминий флягаға кіріп, кептеліп қалған.
Баласын флягадан өздігінен шығара алмаған ата-ана құтқарушыларды шақырған.
"Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар арнайы құрылғымен фляганы кесіп, баланы ата-анасына тапсырды", - дейді өңірлік ТДЖ-дан.
Ведомство қыз баланың ешқандай жарақат алмағанын атап өтті.
Сондай-ақ құтқарушылар ата-аналар мен ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар флягаға кіріп, кептеліп қалған кішкентай баланы құтқарған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975923-turkistan-oblysynda-su-toltyratyn-ydysqa-kirip-syga-almai-qalgan-7-zasar-qyz-qutqaryldy-video/