Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде үш жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетіп көз жұмды

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде үш жасар бала алтыншы қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай 27 маусым күні сағат 17:00 шамасында Панфилов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған.

"6-қабатта орналасқан пәтердің ашық терезесінен 2019 жылғы бала құлап, көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған", - деп мәлім етті өңірлік ТДЖ.

Ведомство осындай жазатайым оқиғалардың себептерін атап өтті.

"Балалардың құлау себептері бұрынғыдай: оларды терезелері ашық үй-жайларда қараусыз қалдыру, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы бұғаттауыштардың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезенің жанына жиһаз-үстелдерді, орындықтарды, дивандарды қою. Бұл ретте москит торлары да үлкен қауіп төндіреді", - дейді ТДЖ мамандары.

Осы орайда құтқарушылар ата-аналарды келесі ережелерді қатаң сақтауға шақырды:

  • баланы терезесі ашық тұрған үй-жайда қараусыз қалдырмау;
  • металл-пластикалық терезелердегі "микро-желдету" режиміне сенуге болмайды. Себебі, бұл режимде тұрған терезені тұтқасынан тартып, оңай ашуға болады;
  • терезедегі балаларды қорғау құралдарына сенім артпаңыз: баласы бар үйдегі металл-пластикалық терезелер терезенің ашылуын болдырмайтын арнайы құрылғылармен жабдықталуы керек;
  • баланы терезенің алдына отырғызбаңыз, бұл әрекет арқылы оны өз бетінше терезе алдына шығып алуына ынталандыруыңыз мүмкін;
  • балаға құлау кетуі мүмін екенін айтып, ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1975953-semeide-us-zasar-bala-altynsy-qabattyn-terezesinen-qulap-ketip-koz-zumdy/

pixel