Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор кәсіпкерден ақша талап етті деген күдікпен қылмыстық топтың мүшесін ұстады

Опубликовано:

Қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
Фото: Telegram/ Antikor News

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесін ұстады, деп хабарлайды ведомство ресми Telegram парақшасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, ведомство кәсіпкерден Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін Нұр-Сұлтан квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде арналған ақшаны талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізген.

"Ағымдағы жылдың 25 маусымында аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

.Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – "ТТ" және Smith&Wesson маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976035-antikor-kasipkerden-aqsa-talap-etti-degen-kudikpen-qylmystyq-toptyn-musesin-ustady/

pixel