Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте экстази мен мефедрон таратқан студенттер ұсталды

Опубликовано:

Студенттер ұсталды
Фото: otyrar.kz

Шымкент қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бұталардың астынан қазылған шұңқырға есірткі затын тығып жатқан екі жігітті ұстады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Олардың жеке басын тінту кезінде жас жігіттердің қалтасынан синтетикалық есірткі салынған 168 бума және скотчпен оралған 6 пакет табылды. Есірткі қаптаушылар мұндай пакеттерді есірткі қоюшылар үшін арнайы жасырын жерлерде тастап жүргені белгілі болды.

"Тәртіп сақшылары күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту барысында экстази таблеткалары салынған 52 полиэтилен пакеті, ұнтақталған мефедрон, гашиш тауып, тәркіледі. Сондай-ақ пәтерден есірткіні орап, қаптауға арналған таразылар, термоусадка және скотч табылды.

Тәркіленген "синтетиканың" жалпы салмағы 300 грамнан асады. Тергеу барысында күдіктілер есірткіні Шымкент қаласында ғана емес, Түркістан облысының аумағында да таратып жүргені анықталды.

Қазіргі таңда полицейлер Қылмыстық кодекстің 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", - делінген хабарламада.

Заң бойынша бұл қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері есірткінің кез келген заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976049-symkentte-ekstazi-men-mefedron-taratqan-studentter-ustaldy/

pixel