Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жоғалған 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Павлодарда жоғалған бала өлі күйінде табылды
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодардың орталық жағалауында жоғалған 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Бұл жайлы еріктілер хабарлады. Ал өңірдің полиция департаменті аталған ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін еріктілер өз Instagram парақшасында жоғалған жігіттің өлі күйінде табылғанын мәлімдеді. Олар марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтып, соңына дейін жақсылықтан үміт күткенін жеткізді.

Ал Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 жастағы жігіттің денесі табылғанын растады. Қала тұрғыны суға батып кеткен.

Айта кетейік, жасөспірімді іздеу жұмыстары 25 маусым күні басталды. Бұл іске құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылды.

Ол Павлодар орталық жағалауында досымен демалып жүрген жерінен көзден таса болған. Сәлден соң замандасы оның киімін жағаға тастап, кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976065-pavlodarda-zogalgan-18-zastagy-zigit-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel