Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде келіншек тұрғынды 2 млн теңгеге алдап кетті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өскеменде келіншек жергілікті тұрғынды 2 млн теңгеге алдап соқты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Сол жағалау ПБ "102" жедел арнасына облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны алаяқтық құрбаны болғанын айтып жүгінген.

Жәбірленушінің сөзінше, бұрын өзімен таныс әйел тыйым салынған мүлікті банктерден сатып алып, әрі қарай сату үшін келіншектен 2 млн теңге ақша алған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады.

Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процесуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976072-oskemende-kelinsek-turgyndy-2-mln-tengege-aldap-ketti-degen-kudikke-ilindi/

pixel