Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі

Опубликовано:

Есірткі заттары
Видеодан кадр: Polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту жұмыстары кезінде оның гараждағы автокөлігінен салмағы 40 келі "марихуана" есірткі заты бар екі пакет тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі "Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Полицейлер дәрі-дәрмектің жеткізу арнасын, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтауда.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976083-elordalyq-policeiler-esirtkinin-iri-partiyasyn-tarkiledi/

pixel