Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында бес мыңға жуық шағала қырылып қалды

Опубликовано:

шағала
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда Қашаған кен орнының жасанды аралдарында шағала жаппай қырылуда. Мамандар бір апта бұрын құстың мыңнан астамы өлгенін аңғарса, қазіргі уақытта оның саны бес мыңға жеткен, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, шағаланың жаппай қырылуы туралы НСОС компаниясы мамандары хабарлаған. Бұдан соң тез арада комиссия құрылып, аумақты шолып, сынама алған.

Нәтижесінде Қашанған кен орнының жасанды екі аралы мен "Ақ Жайық" резерваты аумағында шағаланың үш түрінің өлексесі анықталып отыр. Бір қызығы, өлекселер арасында өзге құстар жоқ.

Қазіргі кезде инспекторлар өлекселерді жинап, өртеу жұмыстарын қолға алды. Ал комиссия қорытындысы бір аптадан соң шықпақ.

Алғашқы сынама қорытындысы бойынша, мамандар шағала құс тұмауынан өлген деп отыр.

"Алматы қаласынан келген микробиология және вирусология институтының мамандарымен сынамалар алынып, қазіргі уақытта оңтүстік астанаға жолданған болатын. Оның нақты нәтижесі бізде жоқ. Енді әрі қарай инспекция тарапынан НСОС компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тағы да дәлелдемелер, басқа да материалдарды қарап жатырмыз", - деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаров.

Автор: Б. Надірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976096-atyrau-oblysynda-bes-mynga-zuyq-sagala-qyrylyp-qaldy/

pixel