Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Опубликовано:

28 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 110 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасында хабарлады.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 29;
- Алматы қаласында - 56;
- Шымкент қаласында – 7;
- Ақмола облысында – 2;
- Алматы облысында - 1;
- Атырау облысында - 2;
- Жамбыл облысында - 4;
- Қарағанды облысында - 6;
- Павлодар облысында - 1;
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адамнан COVID-19 анықталды.
Осылайша, жалпы Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 471-ге жетіп отыр.
Айта кетейік, елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны өткен аптадан бастап арта бастады. Мәселен, 21 маусымда коронавирус 32 адамнан анықталған болатын. Ал оған дейін COVID-19 жұқтырғандар саны тәулігіне небәрі 20 адамнан аспай келген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976132-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-kurt-osti/