Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құжатын танысы қолданған": Алматылық келіншек 6 ай бойы өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Опубликовано:

келіншек
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық келіншек бірнеше айдан бері өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, әйелдің қайтыс болған танысы бір кездері түсініксіз себептермен бірнеше мәрте оның аты-жөнін қолданған. 

"Әуелгі әңгіме көмекші боп келген марқұмның қарызға ақша алуынан басталды",– дейді қала тұрғыны.

Кейіннен ол Фидан Абилованың мәліметтерін өз құжаты ретінде пайдаланып, ауруханаға жатқан.

"Мұның бәрін былтыр  26 қыркүйекте білдім. Менің жеке куәлігімді көшірмеден өткізіп, білгенін істепті. Ол қайтыс болып кетті ғой, ал мен әлі де өзімнің тірі екенімді дәлелдей алмай, құжат жинап жүрмін", – деді қала тұрғыны Фидан Абилова.

Фидан Абилова жиналған құжаттың бәрін прокуратураға өткізгенін айтады. Кейіннен мәлім болғандай, қайтыс болған адам Абилованың аты-жөнін 6 айдай қолданған. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

"Азаматшаның прокуратураға берген арызының негізінде актілік жазбаның күшін жою туралы талап енгізілді. Нәтиже бойынша зардап шеккен адамның бұзылған құқығы қалпына келтірілді", – дейді телеарна тілшісіне Түрксіб ауданының прокуроры Айбек Бәрпібаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976137-quzatyn-tanysy-qoldangan-almatylyq-kelinsek-6-ai-boiy-ozinin-tiri-ekenin-daleldei-almai-zur/

pixel