Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай әкімін телефон алаяқтары алдап түсірмек болған

Опубликовано:

Марат Жүндібаев
Фото: kstnews.kz

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат отырысында өзін телефон алаяқтары алдамақ болғанын айтты. Оның сөзінше, оған жеке деректерін айтуын сұраған қоңыраулар түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.

Аппарат отырысында полицейлер биыл Қостанай облысында 141 интернет-алаяқтық эпизодын жасаған 31 күдікті анықталғанын хабарлады.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевтың сөзінше, қала тұрғындары алаяқтардың арбауына жиі түсуде.

"Бұл айсбергтің бір ұшы ғана. Шындығында полицияға барлығы бірдей арызданбайды. Қарт кісілер де, жастар да алданып жатады. Алаяқтыққа өзім де куә болдым. Маған телефон шалып, картамның мәліметтерін айтып беруімді сұрады.

Бүгінгі таңда телефон және интернет алаяқтары өте көп. Бұл қылмыстық әрекеттер халықаралық сипатқа ие. Тұрғындар арасында жүйелі түрде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды сақтыққа, қырағы болуға шақыру маңызды", - деді әкім.

Еске сала кетсек, бұған дейін алаяқтар Қостанай тұрғынын баспанасынан айырып, қаражатсыз қалдырғаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976142-qostanai-akimin-telefon-alayaqtary-aldap-tusirmek-bolgan/

pixel