jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Министрлік Қазақстанда қандай этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын хабарлады

Наурыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады. "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта 2022 жылғы 1 қаңтардағы халықтың этникалық құрамы туралы дерек бар.

Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамды құраған.

Оның ішінде:

  • қазақтар – 69,03 пайыз,
  • орыстар – 18,47 пайыз,
  • өзбектер – 3,29 пайыз,
  • ұйғырлар – 1,5 пайыз,
  • украиндар – 1,3 пайыз,
  • татарлар – 1,06 пайыз,
  • немістер – 0,92 пайыз,
  • түріктер – 0,61 пайыз,
  • кәрістер – 0,57 пайыз,
  • әзербайжандар – 0,61 пайыз,
  • дүнгендер – 0,40 пайыз,
  • белорустар – 0,28 пайыз,
  • тәжіктер – 0,27 пайыз,
  • күрдтер – 0,25 пайыз,
  • шешендер – 0,18 пайыз,
  • поляктар – 0,15 пайыз,
  • башқұрттар – 0,09 пайыз,
  • басқа этнос өкілдері – 1,04 пайыз.

Айта кетейік, соңғы үш жылда Қазақстандағы халықтың саны 2,6 пайызға өскен.

Министрлік Қазақстанда қандай этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.