Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин: Алыс ауылдарға байланыс желісін электр бағаналары арқылы тартуды қарастырудамыз

Опубликовано:

электр энергиясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында үкімет отырысы мен сенат депутаттарының алдында жасаған баяндамасын қорытындылады. Бұл ретте министр шалғай елдімекендерді байланыс желісімен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Мусиннің сөзінше, алыс елдімекендерді байланыс желісімен қамту мәселесін шешу жолдары жаңа заң жобасында да қарастырылған.

"Алыс елдімекендерді байланыс желісімен қамту мәселесіне келсек, байланыс желісін электр бағаналары арқылы тарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Яғни электр желілері бар жерге байланыс желісі де тартылады. Ал мұндай мүмкіндік болмаған жерлерге спутник арқылы тартатын боламыз", - дейді Бағдат Мусин.

Министр жаңа заң жобасының басты міндеті – азаматтар мен мемлекеттік органдардың өзара байланысын нығайту екенін атап өтті.

"Біздің жұмысымыз ең басты екі қағидатқа - проактивті және "адамға бағдарланған" жобаларға негізделген" , - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976197-bagdat-musin-alys-auyldarga-bailanys-zelisin-elektr-baganalary-arqyly-tartu-mumkindigin-qarastyrudamyz/

pixel