Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда шағалалардың жаппай неден қырылғаны белгілі болды

Опубликовано:

шағала
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысы Қашаған кен орнының екі жасанды аралында шағаланың жаппай қырылу фактісі анықталды. Қазіргі уақытта олардың саны 2750-ге жетті, деп жазады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанған.

Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, сонымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.

Соның нәтижесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында шағалалардың жаппай қырылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976261-atyrauda-sagalalardyn-zappai-neden-qyrylgany-belgili-boldy/

pixel