Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл қаласының атауы өзгере ме: Облыс әкімі жауап берді

Опубликовано:

Петропавл
Фото: Sputnik / Елена Бережная

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауы өзгере ме деген сауалға жауап берді. Оның сөзінше, шаһарды Қызылжарға ауыстыру мәселесі қаралып жатқан жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Қазіргі уақытта ондай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ", - дейді Құмар Ақсақалов.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Петропавл атауын ауыстыру бастамасы біраздан бері көтеріліп жүр. 2010 жылы төменгі палатаның 13 депутаты Петропавл қаласының атауын Қызылжарға ауыстыруды ұсынған. Сол уақытта қала тұрғындарының басым бөлігі қарсы шыққан.

2019 жылы "Ак Жол" партиясы төрғасының орынбасары Қазбек Иса үш бірдей қаланың атауын өзгертуді ұсынды: Петропавл, Павлодар және Семей.

Ал биыл сәуір айында egov.press сайтында Петропавл қаласының атауын Қызылжарға ауыстыру туралы петиция жарияланды. Оның авторы – Ерсұлтан Нұрғалиев. Оның бастамасы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Сол кезде қала әкімі Болат Жұмабеков петицияны жеке адам мемлекеттік сайтта жариялағанын, бірақ оған мемлекеттік органдардың еш қатысы жоқ екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976269-petropavl-qalasynyn-atauy-ozgere-me-oblys-akimi-zauap-berdi/

pixel