Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

қызыл аймақ852
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов парламент кулуарында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейсе, карантин енгізіле ме, деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Әзірге жағдай күрделі емес. Алайда науқастар (саны - ред.) көбейетін болса, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін", - дейді Ералы Тоғжанов.

Ол мұндай шешімді коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайтынын еске салды.

"Қазір жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр, сондықтан мәселе жоқ емес. Карантиндік шараларды күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз. Тек маска тағу жөнінде емес, жалпы шаралар туралы", - дейді ол.

Осы орайда вице-премьер қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинацияның қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976356-qazaqstanda-maska-rezimi-qaita-engizilui-mumkin/

pixel