Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды

Опубликовано:

Шынар Мұқтарова
Шынар Мұқтарова. Фото: Telegram/Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысына іздеу жариялады, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми каналында.

Агенттік аталған серіктестіктің басшылығына қатысты және басқа да тұлағаларға қатысты аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатқанын мәлім етті.

Ведомствоның дерегінше, қылмыстық іс аясында "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Мұқтарова Шынар Оралғазықызына іздеу жарияланып, оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Агенттік Шынар Мұқтарова 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иеленген деген күдікке ілінгенін мәлім етті.

Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған азаматшаның қайда жүргенін хабарлаған жанға 4000 АЕК-ке тең сыйақы ұсынып отыр.

Агенттік "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысының орналасқан жері туралы ақпарат болса, көрсетілген телефондарға хабарласуды сұрайды:

  • call-центр 1424
  • +7 (7172) 909 260

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976377-okm-operatory-zss-buryngy-quryltaisysyna-izdeu-zariyalandy/

pixel