Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

300 теңгесін тартып алған: Ұлытау облысында күзетшіге шабуыл жасаған азамат ұсталды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында металл қабылдау пунктіне шабуыл жасалды. Бейтаныс азамат күзетшіні тапаншамен қорқытқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, 24 маусым күні сағат 02:30-да Сәтпаев полиция бөліміне металл қабылдау пункттерінің біріне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына бірден құқық қорғаушылар аттанған.

57 жастағы күзетші шамамен түнгі сағат екі шамасында белгісіз біреу келіп, металл қабылдау пунктіне өткізу үшін бұйымдар алып келгенін айтқан. Күзетші оны ғимаратқа кіргізген соң ол тапаншасын алып, ақша беруді талап еткен.

Жәбірленуші барлық ақша кешкі уақытта өткізілген соң кассаның бос тұрғанын айтқан. Сол сәтте ер адам оның телефоны мен 300 теңгесін алып, көзден таса болған.

Күзетшінің көмегімен күдіктінің фотороботы жасалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті қолға түсті. Ол өз кінәсін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976395-300-tengesin-tartyp-algan-ulytau-oblysynda-kuzetsige-sabuyl-zasagan-azamat-ustaldy/

pixel