Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ер адам әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында ер адам бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, маусым айының ортасында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ "102" жедел арнасына Тынышпаев көшесінде өрт басталғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанған.

Олар 44 жастағы ер адам 48 жастағы бірге тұрған әйелімен жанжалдан кейін оның үйін қасақана өртегенін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 6 млн теңгеге бағаланып отыр.

Тәртіп сақшыларының жедел іс-қимылы нәтижесінде қаскүнем ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976398-sqo-da-er-adam-aielimen-zanzaldasyp-uiin-ortep-zibergen/

pixel