Шымкентте ЖШС директоры бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Опубликовано:

Қаржылы мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті "Қамқор" жедел алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды агенттіктің ресми Telegram парақшасы.
Ведомствоның мәліметінше, ЖШС директоры 3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
"Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Осы ретте ҚМА жетім балалар мен ата-анасының қамқорлыынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмысын жалғастыратынын еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976416-symkentte-zss-direktory-byudzet-qarzysyn-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/