Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы хабар айтамын": Дүйсенова бала күтіміне арналған жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Ана мен бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетсек, Бұған дейін министрлік бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеген еді.

"Қарастырып жатырмыз. Ол жөнінде жақсы хабар айтамын", - деді Дүйсенова парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Еске сала кетсек, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлемнің мерзімін ұзартуды талап еткен. Депутаттар бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.

Ал былтыр жазда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауға кіріскенін мәлімдеді.

Биыл 7 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке және босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976423-zaqsy-xabar-aitamyn-duisenova-bala-kutimine-arnalgan-zardemaqy-toleu-merzimin-uzartu-turaly-soz-qozgady/

pixel