Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы 10 жылға сотталды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 30 маусымда Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейді. Сондай-ақ Таласбаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынған.

Димаш Таласбаев келісілген 30 млн теңгеден 13 847 430 теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол ақшаны 2020 жылы серіктестіктерін көктемгі-күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін кепілдік берілген арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін коммерциялық ұйым өкілдерінен алған.

Ведомство облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымы да үкімді тыңдауға қатысқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976451-aqmola-oblysy-auyl-saruasylygy-basqarmasynyn-bassysy-10-zylga-sottaldy/