Елімізде бір тәулікте 189 адамнан COVID-19 анықталды
Опубликовано:

30 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 189 адам тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасында хабарлады.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 55,
- Алматы қаласында - 98,
- Шымкент қаласында – 8,
- Ақмола облысында – 1,
- Алматы облысында - 8,
- Атырау облысында - 5,
- Шығыс Қазақстан облысында - 3,
- Жамбыл облысында - 5,
- Қарағанды облысында - 5,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 797-ге жетіп отыр.
Айта кетейік, 28 маусымда 110 адамнан, 29 маусымда 137 адамнан короавирус анықталған болатын.
Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде ауру жұқтырғандар саны көбейсе Қазақстан маска тағу режиміне қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976526-elimizde-bir-taulikte-189-adamnan-covid-19-anyqtaldy/