Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте балалардың жоғалып жатқаны рас па: Полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент полиция департаменті желіде тарап жатқан қалалар балалар жоғалып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ведомство Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде Шымкент қаласында балалардың жоғалып жатқаны туралы аудиожазба тарап жатыр.

Аталған мәселе бойынша Шымкент полиция департаменті бүгінгі күні қала аумағында балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлады.

"Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты азаматтардан әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - деліген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқан қостанайлық азаматтың 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976544-symkentte-balalardyn-zogalyp-zatqany-ras-pa-policiya-pikir-bildirdi/

pixel