Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде балаларына 5 жыл бойы алимент төлемеген әке анықталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Семейде екі баласына 5 жыл бойы алимент төлемей келген әке анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Нелегал-2022" жедел алдын алу шарасы аясында Семей қалалық полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері өзінің 7 және 9 жастағы балаларына 5 жыл бойы алимент төлемеген ер адамды анықтады. Оның балаларының алдындағы қарызы 5 миллион теңгеге жеткен.

"29 маусымда іздестіру іс-шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері Бородулиха ауданында алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы азаматтың тұрған жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады", – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жалпы, жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады.

Осы ретте Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ӘҚБтК 669-бабы бойынша және Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976561-semeide-balalaryna-5-zyl-boiy-aliment-tolemegen-ake-anyqtaldy/

pixel